Мәдениет және ақпарат министрлігі “Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы” заңның тиімді жұмыс істеуі үшін тоғыз нормативтік актінің жобасын жасауда

Министрдің айтуынша, “Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы” заң жергілікті жерлерде толыққанды жүзеге асырылмай отыр. Оған себеп – ортақ реттеуші нормалар жоқ. Соның кесірінен әр жерде әртүрлі түсіндіріледі. “Қазір біз заңның толыққанды жұмыс істеуі үшін тоғыз нормативтік актінің жобасын жасап жатырмыз”,- деді Е.Ертісбаев.

Оның айтуынша, осындай ахуал “тарихи-мәдени мұраларды қорғау және пайдалану саласында да байқалып отыр”.