"Мәдениет және ақпарат министрлігі қолданыстағы "БАҚ туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын жасау жұмыстарын расында да бастады", -делінген министрліктің ресми сайты www.sana.gov.kz-да қойылған сұраққа берілген жауапта.
Министрліктегілер "ол үшін арнаулы жұмыс тобы құрылғанын, оған Қазақстандағы "Internews network", Халықаралық сөз бостандығын қорғау жөніндегі "Әділ сөз" қоры, "Қазақстан журналистері одағы", "Бас редакторлар клубы", "Қазақстанның теле және радиохабарларын таратушыларының ұлттық қауымдастығы" секілді бейресми ұйымдардың өкілдері қамтылған.
"Жасалып жатқан түзетулер қолданыстағы заң жобасын либерализациялауға бағытталған. Ал қолданыстағы "БАҚ туралы" заң Қазақстан қоғамының қазіргі әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіне сай келмейді", - делінген жауапта.