Министрлік сайтындағы хабарламаға сүйенсек, ведомство басшысы Мұхтар Құл-Мұхаммед сәрсенбі күні жаңа вице-министрді еңбек ұжымымен таныстырды.
58 жастағы Ж.Омаров әр жылдары Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің БАҚ департаментін басқарды; президенттің баспасөз хатшысы қызметін атқарды. Ал, 2011 жылдың шілдесінен бастап «Казахстанская правда» АҚ басқарма төрағасы болып жұмыс істеп келген болатын.