Мәдениет және өнер қайраткерлеріне президенттк және мемлекеттік стипендиялар тапсырылды

Н. Назарбаев стипендияларды табыс етіп тұрып, лауреаттарға жеткен жетістіктерде тоқтап қалмай, алға дами берулерін тіледі.

«Мен білемін, сіздердің көбіңіз біз отанымызға көп нәрсе бердік, еңбегіміз сіңді дей аласыздар. Бірақ тоқтауға болмайды. Соңына дейін жұмыс істеулеріңіз керек. Ол өмірлік күш-қуат береді. Әр кез өздеріңізді жұмыс істеуге мәжбүрлеулеріңіз керек. Бұл ұлы жеңіс», - деді Н. Назарбаев, стипендиаттарға қаратып тұрып.

Мемлекет басшысы жұмыс мақсаты қазақстандықтар жұмыс істей алатын, өздерінің қабілеттерін дамыта алатын жағдай жасау болғандығын атап өтті.

«Адам мәдениет пен өнер туралы қарны тоқ болғанда, жұмысы бар кезде, жаны тыныш болғанда ойлай алады. Ал ол күн көрістің қамымен жүргенде, өнер туралы оның ойына кіріп-те шықпайды», - деп атап көрсетті ол.

Осы мақсатта ел басшылығы халықтың әл-ауқатын көтерумен айналысады.

«Біз дағдарыс жылы жұмыссыздық деңгейін 5%-ға дейін төмендетпекшіміз. Ал «шуылдап» жүрген мемлекеттердің 30 пайыз халқы жұмыссыз. Халқының жартысы кедейшілік деңгейінен төмен өмір сүреді. Онда халық игілігіне бағытталған экономикасы жоқ», - деп есептейді мемлекет басшысы.

Отандық мәдениетті дамытудағы қосқан үлкен үлесі үшін әдебиет пен өнердің 100 қайраткері атап өтілді. Лауреаттар арасында - Роза Бағланова, Ермек Серкебаев, Бибігүл Төлегенова, Асаналі Әшімов, Гүлфайруз Исмаилова, Юрий Померанцев, Шерхан Мұртаза, Әкім Тарази, Фариза Оңғарсынова бар.

Олардың арасында жастар да бар, оның ішінде Айгүл Ниязова, Гүлнар Салықбаева, Нүркен Әшіров, Қүнжық Қыстықбаев, Әмір Бисенғалиевтер бар.