Мәдениет және спорт вице-министрі тағайындалды


Асқар Баталов ҚР мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бірнеше минут бұрын Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрі аппаратының кеңесі кезінде ұжымға жаңа вице-министр Асқар Баталов таныстырылды. Ол туризм саласын дамыту мәселелеріне жетекшілік ететін болады", - деп жазды Facebook желісіндегі өз парақшасына Туризм индустриясы департаментінің басшысы Марат Иғали. Бұл қызметке тағайындалғанға дейін Марат Баталов Еуразиялық экономикалық комиссиясының Көлік және инфрақұрылым департаментінің директоры болған.