Мәдениетте шекара болмауы керек - Т. Әбдік

«Мәдениеттің дамуы өзге мәдениетпен араласу, бір-бірінің жақсылықтарын бойына сіңіру арқылы ғана жүзеге асады. Кешегі кеңестік кезеңде қанша отарлау жағдайында отырсақ та, халқымыз күйзелісте болса да мәдени алмасу белгілі бір дәрежеде жүріп жатты. Ал тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде бұрынғы қатынастар да ыдырады. Саяси тәуелсіздік керек, ал мәдениетте шекара болмауы керек. Сондықтан да, туыстас болсын, басқа болсын қарым-қатынасты күшейту - бұл әрі-беріден соң біздің өзіміз үшін пайдалы», - деді Төлен Әбдік.

Оның айтуынша, Кеңес Одағы тұсында жазушылардың қарым-қатынасы тығыз болатын. Одақ көлеміндегі туындылар аударылып, жұртшылық арасында кеңінен насихатталатын. «Бұл үдеріс үзіліңкіреп қалды. Осыны қайта жаңғырту, оның ауқымын арттыру, Еуропа елдеріне дейін рухани қарым-қатынастар жасау жүзеге асса, біздің мәдениетіміз де өзгелерге таныла түсетіні айқын», - дейді Т. Әбдік.