«Мәдениеттен жұрдаймыз»: Әйгілі түрік артисін сахнада таптап кете жаздаған бір топ қазақ қыздары ұятқа қалды

Алайда кездесу соңы әдеттегідей шумен аяқталып, өнер иесі жанкүйерлерінің кесірінен сахнадан құлап қала жаздады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Танымал актермен болған кездесуді жергілікті қала тұрғындарының бірі желіге жүктеді. Онда бір топ қазақ қызының сахнаға жапа-тармаға мініп алып, актерді құлата жаздаған сәтін анық көруге болады.

Видео авторы болса: «Бізде шетелдік қонақтарды қарсы алу мәдениеті қалыптаспаған. Бәрі жабайы, мәдениеттен жұрдаймыз. Адамды сөйлеп отырған жерінен тоқтатып, осылай суретке түсу тек бізде ғана ма екен? Осыдан кейін қайдағы даму?» деп айтты ол.