Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Әнші “14 күн” деген фильмде өзін сомдап ол үшін бұл ерекше тәжірбие екенін айтты.
”Киноға осылай алғаш түсуім. Күніге 100,150 адамдар мені белгілеп салып жатады. Осындай әдемі киноға түскеніме өзім де қуанып тұрмын. Бұл фильмде мен өзімді сомдадым. Маған бұл рөл ұнады. Мені кинодан көріп белгілеп жатқандарыңызға рақмет”, - деді әнші.
Естеріңізге сала кетейік, “14 күн” фильмі комедия және драма жанрындағы отандық туынды. Фильмде басты рөлді Әбілмансұр Серіков, Гүлназ Жоланова, Мақпал Исабекова секілді танымал адамдар ойнайды.