Мадридтік «Реал» әлемдегі ең қымбат спорт клубы атанды

Мәліметтер бойынша, «Патша клубының» құны 3,44 миллиард долларды құрайды. Бұл тізімде екінші орынды $3,2 миллиардқа бағаланған "Барселона" еншілеп тұр. Үздік үштікті 2,81 миллиард доллар тұратын "Манчестер Юнайтед" командасы түйіндейді. 

Алғашқы ондыққа кіретін командалар мыналар:

4. "Нью-Йорк Янкиз" ($2,5 миллиард ) - АҚШ жоғары бейсбол лигасында (MLB) ойнайды;

5. "Даллас Ковбойз"($2,3 миллиард)  - АҚШ Ұлттық футбол лигасының командасы;

6. "Лос-Анджелес Доджерс" (MLB, $2 млрд);


7. "Бавария", Мюнхен (футбол, $1,85 млрд);

8. "Нью-Ингленд Пэтриотс" (NFL, $1,8 млрд);

9. "Вашингтон Редскинз" (NFL, $1,7 млрд);

10. "Нью-Йорк Джайентс" (NFL, $1,55 млрд).

Forbes-тың бағалауынша, 16-орында "Арсенал" футбол клубы ($1,331 млрд), ал "Челси" ($867 млн. ) 48 орында.