”Маған ұятсыз сөз жазатындардың 90%-ы енелер, апалар” - Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі

Бұл туралы ол Instagram-дағы stories-де айтты, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Ол алдымен жастардың жағымды пікір білдіретінін айтып, олар “жеке шекара” дегенді біледі деп жазды.

”Қазіргі жастар өте ақылды, саналы, біреудің жеке шекарасына кірмейтін, көздері ашық, көкірегі ояу, ойларын саралай алатын, қай нүктеге қай нүктеге дейін шамасы келетінін және жету керектігін білетін жастар”, - деп жазды Қабатовтың сүйіктісі.

Алайда өзіне жағымсыз пікірді көбінесе үлкен кісілер екенін айтып, ренішін білдірді.

”Ең өкініштісі, самайына ақ түскен апайларымыз болып тұр. Маған негатив, қарғыс, ұятсыз сөздер жазатын 90%-ы апа, әже, ене, құдағилар. Иә өздері кезінде таяққа, сатқындыққа, жоқтыққа, амалсыздыққа көніп қойып, енді ішіндегі тырнаған жараның жанына батқанын кімнен аларын білмей, айналғанда бала-шағасы осы үндемесінші деп айфон әперіп қойып, кімге не жазарын білмей құсып отырған біреулер. Не айналаға тыныштық жоқ, не келінге тыныштық жоқ, не ортасы жоқ. Өзінің қателігін өзгеден көретін бір тірі жандар әйтеуір”, - деп жазды Айман Талғатқызы.