Үш отбасын ұстап отырған еркекпен Caravan.kz медиа-порталы тілшісі сұхбаттасып көрген еді. Үш әйеліне қалай көңіл бөлетіні, қазір төртінші әйел іздеп жүргені жайында айтып беді.
- Ел түрлі сын пікірлер жазуда. Қалай қабылдап жатырсыз?
Инстаграмға тарап кеткен видеоларды өзім ашып қараған жоқпын. Бәрін меркетингпен айналысатын мамандарым түсіріп жүктеп жатыр.
- Бірақ, ерлер тарапы қолдап та жатқан шығар?
Кез келген еркек көп қатынды қалайды. Дені сау болса көп қызға баруды қалайды. Егер оны қаламаса ол күдікті.
- Қанша жасыңызда отау құрған едіңіз?
Жасым 34-те. 24 жаста алғашқы некем болды. Кейін 8 жылдан кейін екінші қатын, келесі жылында үшінші қатын алдық.
- Бірінші әйелден соң біраз үзіліс жасапсыз ғой?
Алланың бұйырған уақыты. Талай қыздарға ұсыныс жасап жүрдік. Саны есімде жоқ тіпті. 30 ба, мүмкін 40 па?
- Үш отбасыны асырау үшін ер азаматтың табысы қанша болу керек?
100 мың теңге әрқайсына жетеді. 50 мың теңгесін пәтерге төлесін. Жетеді. Төрт қатын ұстау үшін дүниенің керек жоқ. Мінез керек. Әрекетті қалтамда көк тиын жоқ кезде де жасап жүрдім. Көбі төрт қатын алуды насихаттамаған дұрыс-ау дейді. Мен ерегескенде жасаймын. Еркектер «черт» боп кеткен.
Маған бір қатын да жетеді. Өкінішке орай, ол жаман жолды, қызды мен үйленбей жатып көріп қойғанмын. Құран, хадистерді оқып көзіміз ашылды. «Мен не пайда тигізе аламын?» деген сұрақ пайда болды. Санама жеткені – тәрбие. Оны айтудан пайда жоқ. Амалмен ғана көрсете аламын» дедім.
- Елді баспанамен қамтамассыз ету мақсатында арнайы жұмыс бастапсыз. Сол жобаларыңыз жайлы да айта өтсеңіз.
Жобаларды бастаған себебіміз банк жүйесімен күрес болды. Коперативтер де таза алаяқтар.
Біздікілерге Әл Фараби жақтан пәтер керек. Оның бастапқы 10 миллион теңге жарнасын қалай табады? Қораға кіріп тапса да кейін жылына 300 мыңдап төлей аласың ба?
50 мың теңгеге жер үй ала тұр десек, «ол жақта су жоқ, жарық жоқ екен» деп шығады. Қаншама еркек алғысы келсе де, қатындарының қабағына қарап ала алмайды. Мейлі, қиналып жүре берсін.
Өзімді халқымның әкесі санаймын. Өйткені 60-қа келген топастарды көремін. Біздің халықты сабау керек. 500 мың теңгеге үй алуға болады десек 10 миллион бастапқы жарнамен алынатын үйлерге есі кетіп тұрады. Сөйтіп алып 500 мың теңгені жинау үшін үш айдай уақыт керек дейді. 10 миллионды қанша жылда жинап болмақшы сонда? «Ешак» деп ұрғың келеді ондай адамдарды.
- Бастапқы 500 мың теңгемен қалай үй алуға болады?
Кезекке тұрасыз. Біздің мақсат 60500 адам жинау. Ол өте оңай. Біз желілік бизнестің элементін пайдаландық. 500 мың теңге төлеп, тіркелесіз. Тіркелгеннен соң үш адам ертіп әкелуіңіз керек. «Не үшін желілік бизнес?» деп жатады елдер. «По*уй» маған. Мен көп нәрсе сұрап тұрмын ба? Үш адамыңды алып келсең болды.
Бұндай жоба Қазақстанда жоқ. Қалашық саламыз. 500-600 метр жерде мектебі болады. Орталығына мешітін, емханасын, бассейн, бизнес орталықтары болады. 600 мың адамға арналған қала болады бұл! Бұл қала бүкіл Қазақстанның экономикасын алға сүйрейтін қала болады. Өнеркәсіпті дамытамыз.
«Мен жасамасам кім жасайды?» деген ұстаным бәрімізде болу керек. Құдай еңбекқорларды, тәуекелшілдерді жақсы көреді.
Біз бейбітшілікті менің ойымша әлі бағаламадық. Лағып жүрміз.
- Өзіңізде неше баспана бар?
Өзімнің бір баспанам бар әзірге. 1000 участогым бар. Баспана маған мәселе болып тұрған жоқ. Үй салуға әзірге құлқым болмай жатыр. Ал, көпқабатты үйде тұрғым келмейді.
- «Халық санын көбейткім келеді» депсіз. Неше бала шағаңыз бар?
Әзірге бір қатыннан бала-шағам бар. Алла қаласа балаларымды 16 жастан бастап үйлендіремін. Қыздарымды да 16 жастан бастап байға бергім келіп отыр. Және бәйбіше қылып емес екінші, үшінші, төртінші қылып беремін. Әкенің «мына қызға үйлен, мынаған тұрмысқа шық» деуге хақысы бар. Құдай қаласа төрт қатынның әрқайсынан ең болмағанда 2-3 баладан болса, бір әкеден 12 бала болады.
- Әйелдеріңізді қандай қасиеттеріне қарап таңдадыңыз?
Көнгіштігіне қарап үйлендім. Маған мозгамды сі*ге беретін қатынның керегі жоқ. Маған көну керек. Болды. Менің үйімде мен қалай айтамын солай болу керек.
- Ата-анаңыз көп әйел алу туралы ойыңызға қалай қарайды? Разылығы болды ма?
Қатын алуда оның қажеті жоқ. Құранда «Қаласаңдар» деді. Қазір төртінші әйел алуға ойым бар. Қаншама қызға ұсыныс жасадым.
- Бір көргеннен ұсыныс жасай бересіз бе сонда?
Ұнатсам, иә. Қыз балаға «жүрейікші» дегеннен гөрі «ұсыныс» ең абыройлы дүние ғой.
- Қаншалық үш әйеліңізге тең қарайсыз?
100 пайыз бәріне тең қараймын. Әрқайсының қасына 2 күннен барып тұрамын. Күнтізбеге есімдерінің бас әріптерімен график құрып қойғанмын. Егер маған ұнамайтын әрекет жасаса оларды жазалаймын. 10 күн бармай қоямын.