Белгілі қоғам қайраткері, экология министрлігі Қоғамдық кеңесінің төрайымы Салтанат Рақымбекова дүниеден өтті. Ол ашық-жарқын, жайдарлы адам болатын. Елімізде экологиялық білім беруді ілгерілетуде көп жұмыстар атқарып, Қазақстанда "жасыл" қозғалысты құруға зор үлес қосты. Салтанат Темірқұлқызының отбасы мен жақындарына қайғырып, көңіл айтамыз, - деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.
Айта кетейік, Салтанат Темірқұлқызы тамыздың 3-не қараған түні дүниеден озған еді. Ол пневмониямен үш апта ауырған.