Махаббат жасқа қарамайды: Алматыда 92 жастағы қария үйленді 

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

2026 жылдың басынан бері Алматыда 4600-ге жуық неке тіркелген. Соның ішінде некесін қиған ең қарт адам 92 жаста екені белгілі болды.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, мегаполисте күн сайын орта есеппен 70-ке жуық неке қию рәсімі өтеді. Үйленушілердің орташа жасы: Қалыңдықтарда - 29 жас, күйеу жігіттерде - 32 жас.

Неке қиюға өтініш берген ең егде азамат - 92 жастағы ер адам. Ал ең жас жұп заң талаптарына сәйкес рұқсат алып, 16 жасында отбасын құрды, - деп хабарлады корпорациядан.

Сондай-ақ, осы кезеңде 409 жұп шетелдіктермен некеге тұрған.

Бұдан бөлек, 2026 жылдың басынан бері 934-ке жуық жұп ажырасуға өтініш берген. Ажырасуға өтініш берушілердің орташа жасы: ерлер арасында - 39 жас, әйелдер арасында - 37 жас.

Некеге тұруға қалай өтініш беруге болады?

«Азаматтарға арналған үкімет» неке тіркеуге өтінішті кемінде 15 күнтізбелік күн бұрын тапсыру қажеттігін ескертеді. Қызметті келесі жолдармен рәсімдеуге болады:

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының АХАТ (РАГС) бөлімдерінде;

eGov.kz электрондық үкімет порталы арқылы;

Екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы.

Сондай-ақ, жас жұбайлар өз қалауы бойынша неке қиюдың салтанатты рәсімін өткізе алады.