Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Ол “Kezdesu” бағдарламасына берген сұхбатында болашақ жарының анасымен бұрыннан таныс болғанын айтты.
“Келіншегіммен танысуымызға енем себепкен болған. Мамасы “Қызымды көрші, дауысы әдемі, ән жазып бер” деді. Тыңдап көрдім. Бірақ мен оны бірінші рет көргенде кішкентай қыз болды. Мектеп оқушысы еді. Дауысы, бәрі жақсы болды. Кейін концерттерімде мен ән айтқан кезде ол қонақ болып жүрді. Сонымен гастрольдік сапар аяқталғанда жоқ болып кетті, араласпай хабарсыз кеттік. Мен сол арада отбасымнан ажырастым, екі жаққа кеттік. Арада уақыт өтті. Депрессия деген дүние бар, оны жеңу керек. Үйдегілер үйленсей деді. Екінші отбасын құру керек болды. Жабылып қыз іздедік. Үйдегілерге “Сіздер табыңыздар, сол қызды аламын” дедім. Бәрі іздеді. Жұбайым “аға” деп жүрген. Мен оған сөйлесіп дүрген қыздарымды көрсетіп “Мына қызды жеңгең қылсақ қалай” деп сұрайтынмын. Шыны керек, таппай қойдық. Соңында “Неше оқып жатсың” деп ашық сұрадым. “Аға, мен студентпін” деді. Үлкейіп қалғанын білмей қалыппын. “Өзің қалайсың, не дейсің” дедім. Солай бір келісімге келіп, отбасын құрдық”, - дейді ол.
Сондай-ақ, өнер иесі қазіргі жұбайына алғашында болашақ жары ретінде қарамағанын, алайда уақыт өте келе оның шынайылығы мен ақ көңілі өзіне ерекше әсер еткенін айтты.
“Бірінші көргенде жүзі жылы болды. Одан кейін де шынайылығын, тазалығын, жүрегінің ақтығын байқадық. Бірақ ол кезде “осы қызды жар қыламын” деп ойлаған жоқпын. Кейіннен келе “Осы қыздың өзін жар қыла салсам” деп ойладым. Сонымен құда түсіп, сырға салып, алып келдім. Біздің махаббатымыз үйленгеннен кейін пайда болды. Көптеген тәтті сезімдерді сезіндік. Жоқшылыққа да көнді. Қазір екеуміз қол ұстасып, шетелдерге қыдырып жүрміз”, - дейді ол.