Махмұд Сабырхан бокстан әлем чемпионатының 1/8 финалына жолдама алды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Olympic.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

2023 жылғы әлем чемпионы Махмұд Сабырхан 55 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жатыр.

Отандасымыз алғашқы жекпе-жегінде Брайан Ортиспен (Мексика) қолғап түйістірді. Нәтижесінде, Махмұд Сабырхан еш қиындықсыз 5:0 есебімен жеңіске жетті.