Май зауытының жұмысшылары жалақы орнына жүзім алған

25 желтоқсанда "Гүлістан экстракт -Ёғ" кәсіпорыны жұмысшыларға жәшік жүзім тарата бастаған. Компания қызметкері жүзім ақшасын айлықтан ұстап қалатынын айтты. "Бір жәшікте он келі жүзім бар. 70000 сумды ($8,4) айлықтан ұстап қалатынын ескертті. Мен ғана емес, көпшілігі бұған наразы болды. Жаңа жылда дастарханды қай ақшаға жаямыз?" - деді жұмысшы.

Жұмысшылар наразылығынан соң, кәсіпорын басшылығы шешімін өзгерткен. "Жүзімді мерекеге сыйлық ретінде бергенін айтты. Ақпарат тарап кеткен соң, олар шешімін өзгерткен болуы керек", - деді кәсіпорын қызметкері.

Зауыт бухгалтериясының бір қызметкері жүзімді жұмысшыларға сыйлық ретінде таратқанын растады.


Бұған дейін Өзбекстанда жалақы орнына мұғалімдерге ауыл-шаруашылық тауарларын таратқан, оны жұмысшыларға базардағыдан қымбат бағаға өткізген.