Майдандағы қақтығыс құрбандарының саны 104-ке жетті

Украина Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, аталған уақыт аралығында 1726 адам жарақат алған, оның 1149-ы ауруханаға жатқызылды.

Қазіргі таңда 111 адам Киевтегі клиникаларда емделіп жатыр.

Соңғы тәулікте жарақат алған 14 адам дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Оның 11-і ауруханада жатыр, бір адам көз жұмды.