Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлады.
Оның айтуынша, жерлеу бойынша алгоритмді жедел штаб мақұлдаған.
«Осы алгоритмге сәйкес, адам қайтыс болған жағдайда, марқұмның денесі ашылмайды. Мәйіт дереу дезинфекцияланады, белгілі бір қорғаныс құралдарында сақталады ... Жерлеуге қатысатын адамдардың саны шектеулі болады. Қазір жерленетін полигон анықталды. Бұл алгоритмдер, әсіресе қауіпті инфекциялардан қорғау мәселесі мен санитарлық ережелерде бар. Яғни, бұның бәрі қазірдің өзінде қамтамасыз етілген. Кремация жасалмайды», - деді Айзат Молдағасымова .
Ол арнайы полигонның қаладан тысқары жерде орналасқанын айтты.