"Мәйіті мал қорасынан табылған": Павлодарда полицей үйінде асылып қалған

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, таңғы сағат 06:35-те М.Омаров атындағы ауылда учаскелік полиция инспекторының асылған мәйіті сарайдың ішінде табылған, деп хабарлайды Caravan.kz порталы Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Марқұмның әйелі үйде жанжал жиі болатынын айтқан.  


"Аталған факті бойынша  ҚК 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Істің мән-жайы мен себептері анықталуда", - деп хабарлады Павлодар облысының полиция департаменті.