-51 жастағы азғын түн ортасында дәл осы жолмен қорымға келіп, оны қазған. Мұндағы мәйітпен бірнеше рет жыныстық қатынасқа да түскен. Тіпті, жаға ұстатар әрекетін жасап болған соң, зираттың маңында еш алаңсыз ұйықтаған екен.
Қорымы қорлық, мәйіті зорлық көрген Антонина Карауштың қызы әлі күнге дейін жанын қоярға жер таппай жүр. Анасының мәйітімен ойына келгенін істеген азғынды қазір оның атарға оғы жоқ. Ал Виктор Лялько жерленген әйелді жақсы көргендіктен осындай әрекетке барыпты.
Юлия Ковалева, Антонина Карауштың қызы:
-Менің анамды тануы мүмкін емес. Ол жақында ғана жерленген әйелдің қорымын әдейі барып қазған. Денесі әлі бұзыла қоймағандарды іздеген деп ойлаймын.
Юлияның айтуынша, некрофил марқұмның жерленгеніне 40 күн өтпей жатып қылмысқа барыпты. Қазір жылына бір рет тексерістен өтіп тұрады екен. Сол сараптама бойынша, сот оны ауруханада қалдыру, не бостандыққа шығару туралы шешім қабылдайды. Осы жолы да некрофил қылмыстық жауаптан босап, ары қарай емделетін болды.
- Виктор Лялько Анатольевич психиатриялық стационарда мәжбүрлі түрде емделсін.
Юлия Ковалева, Антонина Карауштың қызы:
-Меніңше, оны емдемей, өмір бақиға түрмеге қамау керек. Алда-жалда босап шықса, басқа зираттарға қорлық көрсетеді ол! Ешкімнің басына бермесін мұндайд
Марқұмның туыстары Ляльконың ақыл есі дұрыс екенін бостандыққа шығуы үшін әдейі осындай қулыққа барғанын айтады.