Мәйітті сойып тексерудің бастапқы нәтижелері Рахат Әлиевтің өзін-өзі өлтіргенін растады – Вена прокуратурасы


Герхард Ярош сәрсенбі күні Австрия ақпарат агенттігінің (АРА) сауалына: «Бастапқы нәтижелерге қарағанда, Р.Әлиевтің өліміне үшінші тұлғалардың қатысы жоқ», - деп жауап берді.
Айтуынша, «тексеруді тәжірибелі дәрігер жүргізген және мәйіттен ешқандай зорлық белгісін таппаған».
«Арнайы топ оқиға болған камераны тексерді. Сондай-ақ тергеу изоляторындағы бейнежазбалар да Р.Әлиевтің үшінші адамдардың қолынан қаза таппағанын дәлелдеп берді», - деді ол.