Майк Тайсон Головкин-Альварес жекпе-жегінде кімге жанкүйер болғанын айтты


Ауыр салмақтағы бұрынғы абсолютті әлем чемпионы Майк Тайсон Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварес арасындағы жекпе-жекке қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Sputnik Sports.kz-ке сілтеме жасап.

"Мен "Канелоға" жанкүйер болдым, алайда жекпе-жек тең аяқталды. Бұл дұрыс шешім. Реваншта кім жеңетінін көреміз", — деді Тайсон Fight Hub TV-ға берген сұхбатында.

Естеріңізге сала кетейік, 16 қыркүйекте Лас-Вегасте қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес жекпе-жек өткізіп, тең түсті. GGG — "Канело" реваншы 5 мамырда өтеді деп жоспарлануда. Тараптар келіссөз жүргізіп жатыр.