Майк Тайсон Мадоннамен бірігіп ән жаздырды

Америкалық боксшы Мадонна және  Chance the Rapper лақап атымен өнер көрсететін рэпер Чанселор Беннеттпен бірге Iconic композициясын жазуға  қатысты. Ән Rebel Heart альбомына енеді, оның толық нұсқасына 2015 жылдың 10 наурызында ғана қол жеткізуге болады.

Өткен жылдың желтоқсанында белгісіз біреулер жаңа пластинкаға енгізілетін әндердің көп бөлігін ғаламторға жариялап жіберген. 

Майк Тайсон бокс тарихындағы атақты спортшылардың бірі. Ол Гиннестің рекордтар кітабына енді. Америкалық спорттағы карьерасын (мансабын) 2005 жылы аяқтаған.