Майк Тайсон Отелло рөлін сомдағысы келеді

Тайсон әзірге театр сахнасына шығуға әзір еместігін, алдымен телевидениеде жұмыс істеуді жоспарлап жүргенін айтты.

«Шекспир  кейіпкерлерін сомдағым келеді. Кімді екенін нақты білмеймін, алайда Отелло рөлін ойнасам деймін», - деп газетте боксшының сөзі келтірілген.

«Шекспирдің пьесасында ойнасам, керемет емес пе? Мен сияқты қара жігіт... Мені Отелло ретінде елестете аласыңдар ма?» - деді ол журналистерге Лас-Вегаста Soul Train Awards музыкалық сыйлығын табыстау кезінде.

Тайсон 55 фильмге түскен, оның ішінде өзін сомдаған кино  да бар. «Мальчиншник в Вегасе» фильмінің бірінші, екінші бөлімдеріне түскен. Алдағы уақытта екі картинасы прокатқа шықпақ.