Майкл Джексонның биін билеген ақтөбелік курсанттарды генерал Ертаев қуып шықты


Әуе қорғанысы институтының курсанттары поп жұлдыздың биін үйренуге бір ай бойы машықтаныпты.Қонаққа келген генералға сол өнерлерін көрсетіп мақтанбақ болған. Бірақ ойлары іске аспай, өздері ұятқа қалды. Отан алдындағы борышын өтеуге аттанып бара жатқан жігіттерді шығарып салуға арналған кештегі курсанттардың қылығы Бақытжан Ертаевтың ашуын келтірген. Патриоттық әндерді шырқаудың орнына Майкл Джексонды дәріптегендері дұрыс емес деді генерал.