Майкл Джексонның саусақты қолғабы 200 мың долларға сатылды

Сваровски кристаллдарымен безендірілген саусақты қолғабы Лос-Анджелесте өткен аукционда 199,069 мың долларға сатылды. Бұл туралы Ресей Жаңалықтар агенттігі хабарлады.

Екінші пары жоқ перчатканы Джексон ең танымал альбом Thriller үшін марапттау кезінде киіп шықты. Джексоннан саусақты қолғаптың екінші сыңары неліктен жоқтығын сұрағанда ол: «бір перчатка екеуден жақсы», - деп жауап берген болатын.

Қайырымдылық шаралардың бірінде Майкл Джексон қолғапты айықпас дертке шалдыққан балалардың біріне сыйлаған болатын. Оның Nate D. Sanders аукцион үйіне қалай түскендігі айтылмай отыр, сондай-ақ аукциондық үй лотты сатып алушының есімін де жарияламауда.