Майкрософт Қазақстан компаниясының басшысы өзгерді

Оған сәкес Алексей Рештенко 1 қарашадан бастап Mайкрософт Қазақстанның Бас директоры қызметін атқаруға кіріседі. Ол Майкрософтан тысқары салада өз мансабын жалғастыруды ұйғарған Мартин Кверктің орнына келіп отыр.

«Қазақстан - біз үшін аса маңызды нарық. Себебі бұл - өсу әлеуеті орасан зор және үздіксіз дамып отырған қоғамы бар ел. Қазақстан экономикасы шапшаң қарқынмен дамып жатқанда, Mайкрософтың Devices and Service бағытын дамытуға тез бет алып отырғаны да айрықша мәнге ие. Алексейдің технологияларды мемлекеттік мекемелер мен басқа да институттарға ілгерілету бойынша кең әрі терең білімдері оған Майкрософтың Қазақстандағы бөлімшесінің бизнесін дамытуға айтарлықтай үлес қосуына мүмкіндік беретініне мен кәміл сенімдімін», - дейді Майкрософт компаниясының Орталық және Шығыс Еуропа елдері бойынша бөлімшесінің Бас менеджері Такуя Хирано.


Майкрософта 2001 жылдан бері жұмыс жасайтын А. Рештенко бұған дейін Беларусь, Молдова, Әзірбайжан, Армения, Грузия, Қырғызстан, Түркіменстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Моңғолия секілді елдер тобында бизнесті дамытуға жауапты болған еді. Онда негізінен үкіметпен байланысты орнату және оған қолдау көрсету, Майкрософтың серіктестер желісін дамыту, сондай-ақ клиенттермен өзара қатынасты нығайту жұмыстарымен айналысты. Әйелі және үш баласымен Алматыға көшіп келген ол Санкт-Петербор мемлекеттік телекоммуникациялар университетін 1998 жылы радиобайланыс, радиохабар және теледидар саласындағы инженер мамандығы бойынша бітіріп шыққан болатын.