Маймыл шешегіне кімдер жиі шалдығатыны айтылды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, әлемде маймыл шешегі инфекциясының расталған 402 жағдайы және 24 елде 120 болжалды дерегі бар.

Бұл аурудың ДДҰ үшін эндемиялық саналмайтын бірқатар елде кенеттен бір уақытта пайда болуы "белгілі бір уақыт ішінде вирустың анықталмаған берілу жолдарының болуы мүмкін екенін көрсетеді", - делінген ДДҰ ақпараттық бюллетенінде.

"Індетке шалдыққандардың басым бөлігі - "ер адамдармен жыныстық қатынасқа түскен ер адамдар", — делінген хабарламада.


Маймыл шешегі ауруы әлем елдерінде 13 мамырдан бастап тарала бастады. Соңғы уақытта Батыс Еуропада, АҚШ-та, Канадада, БАӘ-де инфекцияны жұқтыру оқиғалары тіркелді.