Маймылдың кесірінен бүкіл Кенияда жарық сөніп қалды

Кенияда маймылдың кесірінен бүкіл ел бойынша электр жарығы сөніп қалды. Су электр стансасының төбесіне мініп кеткен маймыл трансформатордың ішіне құлаған, деп хабарлайды Reuters. Ақпаратқа сәйкес, маймыл «Джитару» электр стансасындағы трансформатор үстіне құлап түскен кезде станса 180 МВт жарықтан айырылып қалған. Kenya Power компаниясы өз нысандарын жануарлардан қорғайтын қоршаулармен қоршап қойғандығын айтты. Енді олар осы кедергілерді арттыра түсетінін мәлімдеді.