Майндағы Франкфурт әуежайында салмағы 500 келі болатын бомба табылды

Әуежай маңынан Екінші дүниежүзілік соғыстан қалған салмағы 500 келі бомба табылды. Оқиғаның басты себебі де сонда.

Бомба табылған аймақ үстінен ұшақтар ұшып өтетін болғандықтан әуежай жұмысы уақытша шектелді.

Германияның Майндағы Франкфурт әуежайында салмағы 500 келі болатын Екінші дүниежүзілік соғыстан қалған бомба табылып, әуежай қызметіне кедергі келтіргені туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз. 


ИТАР-ТАСС агенттігінің ақпаратына сүйенсек, бомба сейсенбі күні кеште құзырлы органдардың қадағалауымен жарылып, көзі жойылды. Жарылыстан кейін жерде диаметрі 25 метр, тереңдігі 3 метрлік шұңқыр қазылып қалған.