Майқайың-Екібастұз тас жолында болған жол апатынан екі адам ажал құшты


- Жол көлік оқиғасы салдарынан автобус жолдың екінші жағындағы жыраға аударылған. Қызметтік көлікте жүргізушімен бірге жеті жолаушы болған. Жүргізуші мен бір жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Ал, «Волганы» тізгіндеген азамат түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Аталмыш оқиға бойынша ҚР ҚҚ-нің 345-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жол апатының мән-жайы тергеу барысында анықталатын болады, - делінген хабарламада.