«Майя жаттығуды 2013 жылдың қараша айында бастаған болатын. Ол кезде біздің баламыз ауырып қалды да, ол бір-екі ай жаттығуды жіберіп алды. Қазір бәрі жақсы. Алдағы маусым айында біз ұлттық командамен жиынға аттанамыз. Майяның бет алысы жақсы әрі ол жеңіске жетуді көздеп отыр. Менде жаттығып жатырмын, мүмкін Қазақстан чемпионатына қатысатын шығармын», - деді В.Ершов.
Сондай-ақ ол маусым айындағы жиынға зілтеміршілер отбасымен бірге аттанатынын айтты.
«Жиында ұлымыз Арсений бізбен бірге болады. Командада бұрын-соңды мұндай болмаған», - деді Ершов.
Еске сала кетсек, Майя Манеза 2013 жылы көктемде зілтемірші Вячеслав Ершовқа тұрмысқа шығып, тамыз айында олардың ұлы Арсений дүниеге келді.
Сондай-ақ айта кетерлігі, жазғы Азия ойындары Кореяның Инчеон қаласында 9 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтеді. Ал ауыр атлетикадан әлем чемпионаты Алматыда 4-16 қараша аралығында өтеді деп жоспарланып отыр.