Майя Манеза спортқа оралды


2013 жылдың тамызында Азия ойындарының чемпионы, әлем чемпионатының қола жүлдегері Вячеслав Ершов пен Олимпиада чемпионы және әлемнің екі дүркін жеңімпазы Майя Манеза ұлды болғаны туралы сүйінші хабар тараған болатын. Сәбиі жасқа толмаса да, оның анасы жаңа жарысқа дайындықты бастады. 

Мая Манеза шілде айында Олимпиада чемпионы Анатолий Храпатыйды еске алуға арналған турнирге қатысып, жаңа жаттықтырушысын таңдайды. Алматы облысында өтетін сынға Қазақстанның мықты ауыр атлеттері қатысады.

Жарыста 2014 жылы Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтетін Азия ойындары мен Әлем чемпионатына қатысатын спортшылар іріктеледі.