Майк Тайсоннан Мұхаммед Әлидің ауруы анықталды

Бұл туралы блогер-шоумен Джейк Пол мәлімдеді, деп жазды Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап.

Майк Тайсон біздің жекпе-жегіміздің алдында бақадан жасалған психоделик ішкен. Осылайша, ол оған Паркинсон ауруын емдеуге көмектесті, - деп атап өтті Пол.

Айта кетерлігі, Паркинсон ауруына Тайсонның кумирі әйгілі Мұхаммед Әли шалдығып, салдарынан спорттағы мәнсабын аяқтауға мәжбүр болған.

Еске салайық, 2024 жылы қарашада боксшы-шоумен Джейк Пол Майк Тайсонды судьялардың шешімімен жеңген еді.