Махаббат бекеті-2: Баян Алагөзова жаңа кинокартинаның түсірілімін бастады

Бүгінде ел танитын продюсер аталмыш кинокартинада Гүлназдың рөлін сомдады. Араға жылдар салып, Алагөзова кинотуындының жалғасын түсіруге кірісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

“Махаббат бекеті-2” фильмінің түсірілімі күні кеше басталды. Бұл хабарды қуана хабарлаған продюсер фильмде басты рөлді сомдайтын актерлерді көрсетті.

“Біздің бас кейіпкерлермен сіздерді таныстырсам деймін. Олар Әйгерім Мақсұтова мен Асқар Ілиясов”, – деп жазды Мақсатқызы.


Айта кетейік, осы уақытқа дейін он шақты фильм мен телехикая түсірген продюсер әрдайым бір командамен жұмыс істейді. Бұл жолы да Алагөзованың кинокартинасына Ернар Нұрғалиев режиссерлік етпек.