Махаббат пен өшпенділік

- Ашу мен кекті ұмытшы...

Екі ру арасындағы өшпенділік ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді. Бір күні қос тарап осы араздықққа нүкте қоюды ұйғарады. Осылайша, Стамбулдағы ең бай әулетке айналған Шахыварлар отбасы мен ескі-салт дәстүрді ұстанатын ауылдық Әзизоғлы әулеті татуласады.

- Дұшпандықты ұмытудың жалғыз жолы – кек сақтау дәстүрін махаббат дәстүрімен жеңу...

Ұзаққа созылған жанжалды тоқтату үшін екі жақ құдаласуға бел буады. Сөйтіп, алып шаһардың серісіне айналған жігіт пен ауылдан шыққан қарапайым қызды бір-біріне қосады. Еріксіз отау құра салған дәулетті отбасының баласы Хазар мен жоқшылықты көп көрген Зилан алғашында бір-бірін жұбай ретінде қабылдамайды. 

- Тиіспеңіз маған. Мен тірі өлікпін. Менің көзіме қарашы. Сонда бақытсыздық пен шарасыздықты көресің!

Бірақ уақыт бәрін өзгертті. Күн өткен сайын Хазар мен Зилан бір-бірін іштей ұната бастады. Жас жұбайларда сезім пайда болғанымен, жүректе қатып қалған ескі кек ғашықтарға қашан да кедергі келтіреді.


Құлай сүйген қос жүректің ыстық сезіміне ескі кек кедергі бола ала ма? Хазар мен Зиланның бір шаңырақ астындағы өмірі әрі қарай қалай өрбитіні «Махаббат пен өшпенділік» телехикаясынан көрсетіледі. Қазақшаға аударылған сериалдың орыс тіліндегі тәржімасы титрмен беріледі. Қызыққа толы түрік драмасын сенбі күні 16:10-да, ал жексенбіде сағат 15:10-да көріңіздер.

Loading...