Сүйіктісінен айырылып қалған жігіт таныссыз танылды.
Өзінің танымалдығы туралы Жандос "Астарлы ақиқат" бағдарламасында өзі айтып берді, - деп жазады Caravan.kz медиа порталы.
"Негізі түрімнің өзі күліп тұра береді. Мені Аружан емес, мен Аружан тастап кеткендей күліп тұрмын. Бірақ, мен үшін ауыр жағдай дегенмен эмоциямды көпшілікке көрсете алмаймын", - деді.
Әлеуметтік желіде Төлегенге айналған Жандос жауапсыз махаббаты туралы да айтып берді.
"Өзім ауылдан шықтым, ол көрші ауылдан болатын. Ол мектепті бітіргеннен кейін Түркістандағы медициналық колледжге оқуға түсті. Коледжде көптеген жігіттерден қызғанғаннан кейін ұрыса беріп, сосын ол тұрмысқа шығып кетті", - деді Жандос.