Muslim.kz сайтының жазуынша, тамыздың 25-і күні Біріккен Араб Әмірліктерінен арнайы рейспен Дағыстанға 20-дан астам жәдігер әкелінген.
«Осы апта аралығында қоғамдық тәртіпті қадағалау үшін құқық қорғау органдарының 1,9 мың қызметкері жұмылдырылған», - деп айтылған аталмыш ведомство хабарламасында.
Осы көрме кезінде 3,2 мың адам медициналық жедел жәрдемге жүгінген. Олардың 12-сі ауруханаға жеткізілді. Көрме кезінде тыныштық сақталып, тәртіп бұзу оқиғасы тіркелмеген