«Атамекен» ҰКП басқарма басшысының орынбасары Нұржан Әлтаевтың айтуынша, соңғы бес жыл бойы Қазақстан миллиондаған тонна картопты сырттан сатып алып келеді. Жыл сайын аталған өнімнің жалпы соммасы 16 миллион долларды құрайды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Алайда біз өзіміз ішкі сұраныстан артық картопты өндіріп отырамыз. Сөйтіп, Қазақстан бойынша шамамен 3 миллиард доллардың көкөніс өнімдерін сырттан сатып алып отырамыз. Соның ішінде 2 миллиард теңгенің өнімін өзіміз-ақ шығара аламыз», - деді Әлтаев Астана қаласы кәсіпкерлерінің жыл сайынғы конференциясында. Оның айтуынша, бүгінде базарда отандық өнім деп сатылатын картоптың басым бөлігі - сырттан келген. Алайда сатушылар оны ашық айтпайды. «Қыс кезінде біз картопты Пәкістаннан тасимыз. Қазіргі кезде оны «Макинск» пен «Павлодардың» картобы деп жаппай сатып жатыр. Шын мәнінде, оның бәрін сырттан әкеледі», - деп атап көрсетті «Атамекен» басшысының орынбасары. Айта кетейік, бүгінгі жиын барысында Исекешев азық-түлік дүкендері мен дәріxаналары аз жерлерде ондай бизнесті ашуға ниет танытқан кәсіпкерлерге жеңілдік жасауға дайын екенін жеткізді. Сондай-ақ Астана әкімі ЭКСПО кезінде тамақ мәселесін қалай шешетінін айтып берді