Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Актрисаның сөзінше, ол өзін алдап кеткен әйелмен кездескен.
"Жаңа жылдың алдында бірнеше рет Диляра қоңырау соқты. Ұялымды көтермегендіктен, дыбыстық хабарлама алдым. Жолдамасында ол кешірім сұрап, эмоцияның күшімен маған қарсы пресс-конференция бергенін, барлық болып жатқан жайттарға өкінетіндігін жеткізіп, кездесу сұрады.
Мен өз тарапымнан жауап бердім. Егер нақты ұсыныс болса, тыңдауға дайын екендігімді бұған дейін де жария естіртіп келгенмін. Екі тарап адвокаттарымызбен бірге кездестік. Алайда Дилярадан маған бұл жолы да мардымды ұсыныс болмады. Керісінше, мен нақты талаптарымды қайта ескерттім.
Ол сол сәтте 2 күн уақыт беруімді сұрады. Осы екі күнде барлық талаптарымды орындайтынын өз аузымен айтты. Мен сұраған уақытына келісіп кеттім. Бұл қаңтардың 6-күні орын алды.
Жоспар бойынша біз 8-ші қаңтар Ішкі Істер Министрлігіне осы сот ісі бойынша қабылдауға жазылып қойған едік. Дилярамен кездесуден кейін маған Астана қаласының Полиция департаментінің қызметкерлерінен әр жарты сағат сайын қоңырау келе бастады. Ескере кетейін қоңыраулар күндіз-түні болды.
Ондағы талап: “Сіз ІІМинистрлігіне қабылдауыңызды отмена жасаңыз. Біз 20-қаңтарға дейін сіздің мәселеңіз бойынша оң шешім табамыз...”- деп сендірді.
Өз еркіммен емес, Полиция департаменті қызметкерінің талабы бойынша, мен министрліктегі қабылдаудан бас тарттым. Енді міне бүгінгі күнге дейін маған не Диляра, не департамент полиция қызметкері хабарласқан жоқ. Сондықтан мен ІІМинистірлігіне қабылдауға қайта жазылдым", - дейді ол.
Актриса істегі барлық ақпаратпен бөлісу мақсатында арнайы үлкен сұхбатқа келіскенін де айтты.
"Сондай-ақ, бұл Істегі барлық әсер етуші адамдардың аты-жөндерін, полиция департаментіндегі қызметкерлерінің тізімдерін жария ету мақсатында, үлкен ашық сұқбатқа келіскенімді жеткіземін.
Дилярамен соңғы кездесуде маған айтылған пікір былай болды:
- Сен мені түрмеге отырғызғаннан үйіңді қайтарып ала алмайсың!
Ескертемін:
Менің мақсатым біреуді түрмеге отырғызу емес. Бар болғаны заң бойынша өзіме тиесілі үйімді қайтаруды ғана көздеймін", - дейді Жұлдыз Әбдікәрімова.