Мал шаруашылығын 6% мөлшерлемемен жеңілдетілген несиелеу іске қосылды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысының мал басын көбейту, өнімділікті арттыру, қайта өңдеуді дамыту және мал шаруашылығы өнімдерінің экспорттық әлеуетін кеңейту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Ауыл шаруашылығы министрлігі 2026–2030 жылдарға арналған мал шаруашылығын дамыту жөніндегі кешенді жоспарды әзірледі.

Кешенді жоспар аясында мал шаруашылығын дамытуға арналған жылдық сыйақы мөлшерлемесі 6% болатын жаңа жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы іске қосылды.

Қаржыландыру келесі шарттармен ұсынылады:

•жеңілдетілген мөлшерлеме – жылдық 6%;

•мал шаруашылығы саласының ерекшеліктерін ескере отырып, икемді несиелеу мерзімдері;

•қаржыландыруды «Аграрлық несие корпорациясы» филиалдары, кредиттік серіктестіктер және екінші деңгейлі банктер арқылы алу мүмкіндігі.

Несиелік қаражат ауыл шаруашылығы жануарларының басын сатып алуға және бордақылау алаңдарын дамытуға бағытталады.

Бағдарламаның іске қосылуы шаруаларды қолдауға және Қазақстанда мал шаруашылығын дамытуға қосымша серпін береді деп күтілуде.