Малайзия мен Қазақстан ҚР мамандарын исламдық қаржыландыру қағидаларына бірлесіп оқытады

«Бүгін біз,«AmanahRaya Capital Group» (Малайзия - ҚазТАГ) және«Октан Групп» (Қазақстан - ҚазТАГ)топтарының өкілдері Малайзиямен екіжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып отырмыз. Бұл бізге жаңа белестерге шығып, малайзиялық әріптестеріміздің тәжірибесі мен білімін меңгеріп, өз мамандарымызды оқытуға мүмкіндік береді», - деді Б.Терлікбаев сейсенбі күні меморандумға қол қою барысында.

Оның ақпараты бойынша, тараптар Қазақстандақы индустриалды-инновациялық жобаларға қатысу үшін исламдық қаржы институттарының қаржысын пайдалану арқылы инвестиция тартуды жоспарлап отыр.

AmanahRaya Capital Group – 2001жылдан бері Малайзияның қор биржасының кәсіби операторы, активтерді басқару және брокерлік қызмет көрсету қызметтерін ұсынады. Компания тікелей инвестициялар мен жылжымайтын мүлікпен операциялар саласында инвестициялық жобаларды әзірлеумен айналысады.