Малайзия Премьер-министрі арасында болған келіссөздерден кейін бірқатар құжаттарға қол қойылды

Атап айтқанда, екі елдің үкіметтерінің арасында дипломатиялық өкілдіктердің ғимараттарын салу үшін жер учаскелерін өзара бөлу туралы келісімге қол қойылды. Бұл құжатқа Қазақстан жағынан Сыртқы істер министрі Е. Қазыханов, ал Малазия тарапынан А. Аман қолдарын қойды.

Сонымен қатар Жамбыл облысының әкімдігі «СмартагроҚарқара» компаниясы мен «Ntional Feedlot coporation sdn. Bhd» арасында Жамбыл облысында мал өндірістік кешенін салу туралы келісімді бекітті.

Ал Туризм министрлігі мен «ALM Builders sdn. Bhd» компаниясы ниеттер туралы хаттамаға қол қойды.