Мұндай шешімге малай елінің христиандары қарсы шықты. Өйткені тәржімаланған Библиядағы «Құдай» сөзі араб тілінен еніп, «Алла» деп кеткен. Яғни сан ғасырлар бойы Малайзияны мекендеген христиандар «Алла» деп құлшылық етіп келеді. Сондай-ақ малайлықтар ғана емес, Таяу Шығыс пен Индонезия христиандары да құдайларынан «Алла» деп медет тілейді.