Малайзияға ұшақ апатынан қаза тапқан 9 адамның мәйіті жеткізілді


Осыған байланысты Малайзия астанасының әуежайында азалы жиын өтіп, құрбандарды еске алу үшін бір минут үнсіздік жарияланды, деп хабарлады ИТАР-ТАСС. 

Бұл апатта қаза тапқандардың мүрделерін әкелген үшінші ұшақ. Әуе кемесі бортында болған 43 малайзиялықтың 32-і анықталып, мәйіті отанына жеткізілді.