Малайзиялық ұшақ құлауы мүмкін деген аумақ әлі де зерттелген жоқ

Бұл туралы Inmarsat спутниктік байланыс компаниясы сарапшыларына сілтеме жасай отырып британдық «Дейли телеграф» басылымы хабарлады.

Олардың айтуларынша, бастапқыда ұшақ құлаған аумаққа бет алған австралиялық «Оушн шилд» кемесі құтқарушылардың қара жәшік дабылына ұқсас белгі тапқаны жөніндегі мәліметтен кейін бағытын өзгертіп жіберген.

Inmarsat сарапшылары «Боингтың» нақты бағытын анықтап, оның Үнді мұхитына құлаған жерін шамалап тапеқандарын айтады.

Бұрын хабарланғандай, Malaysia Airlines компаниясына тиесілі «Боинг-777» ұшағы биылғы жылы 8-наурызда бауырын жерден көтергеннен кейін көп ұзамай жоғалып кеткен болатын. Куала-Лумпур-Бейжің бағытын бетке ұстаған лайнерде 227 жолаушы мен экипаждың 121 мүшесі болған. Сарапшылардың пікірінше, ұшақ белгісіз себептермен бағытын өзгертіп, Үнді мұхитына құлаған болуы мүмкін.


Лайнерді іздеу жұмыстары әзірге еш нәтиже бермей отыр.