Малайзияның үкімет басшысы Байқоңырда малайзиялық ғарышкерді алып ұшатын "Союздың" ұшырылымын қадағалауы мүмкін

"Мен еліміздің үкімет басшысына қазан айында осында келіп, біздің ғарышкерді алып ұшатын ғарыш кемесінің ұшырылымын бақылау жөнінде кеңес беретін боламын", деді бүгін Малайзияның ғылым, технологиялар мен инновациялар министрі Джамулдин Джардие еліміздің білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаевпен кездесуде. "Осы ұшырылымға қатысуға ресми рұқсат алынады деп ойлаймын",- деді малайзиялық министр өзінің қазақстандық әріптесіне қаратып айтқан сөзінде.

Джамулдин Джардиенің айтуынша, оның осы жолғы Қазақстанға сапарының мақсаты "Малайзия өзінің тұңғыш ғарышкерін ғарышқа жіберуге дайындалып жатуға байланысты осы саладағы техникалық қамтамасыздық деңгейімен танысу" болып табылады. ""Союз" ғарыш кораблі қазан айында ұшырылады деп межеленген. Сол себепті мен ел басшылығының тапсырмасымен Байқоңырға барып, айлақтың мүмкіндіктерімен таныспақшымын",- деді министр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті