Малайзия премьер-министрі Тоқаевтың туған күніне ерекше сый жасады

Бұл туралы Ақорда жариялады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапарын аяқтаған Малайзия премьер-министрі Әнуар Ибрагимді елорда әуежайында өзі шығарып салды», - делінген жұма күні таратқан хабарламада.

Өз кезегінде Әнуар Ибрагим Қазақстан Президентіне жылы лебізі үшін алғыс айтып, туған күніне орай ізгі тілегін білдірді.