"Малғұндар, маралдың обалына қалғырлар" : Желіде кер маралдың қанын ішкендердің видеосы тарады (ВИДЕО)

Видеодан мүйізі кесіліп, дірілдеп тұрған  жануардың қанына  стакан тосып жатқан бір топ ер адамдарды байқауға болады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Белгілі журналист Нұрбек Бекбау да видеоны  Instagram паракшасында бөлісіп, жазба жариялады. 

"Қай бабаң қан ішіп еді? Кер марал байғұс дір-дір етіп шошып тұр, ал мынау адамдар сорғалаған қанға стакан тосып мәз. Пайдалы болса, пайдалы шығар? Бірақ обал дегенді білу керекпіз ғой...Кәпір қытай боп кеттік пе, не пәлі?!!", - деп жазды ол.

Аталмыш видео желі қолданушыларының да ашу-ызасын тудыруда. 
 

""Жануарға қатыгездік жасау бойынша қылмыстық іс қозғау қажет. 316 бап", "Малғұндар, Аллаһ бұлардың тірлігін реттесін. Ана бейшара маралдың обалына, қарғысына қалсын", "Оңбағандар, жануардың обалына қалдыңдар", - деп жазды олар. 


Loading...