Малидегі қонақ үйге шабуыл жасады деген күдікпен екі адам ұсталды

Ұсталғандар шабуыл жасағанда қандай рөл атқарғаны жайлы хабарланбады. Олардың есімдері де аталмады.

20 қарашада қаруланған содырлар  Radisson Blu қонақ үйіне шабуыл жасап, 170 адамды тұтқынға алды.

Мали арнайы жасағы қонақ үйді басып алған еді. Тұтқындардың көпшілігі босатылған, дегенмен 20 адам қаза тапқан болатын.